Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Жәнібек Әлімханұлы WBC чемпионын әжуалады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
24.08.2025, 14:38

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымының чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері Карлос Адаместі бейнеролик арқылы әжуалады.

Instagram/@janibek_alimkhanuly
Instagram/@janibek_alimkhanuly

Әзіл видеомен жасалған троллинг

Видеода үйректер көрсетілген. Ағылшын тілінде duck сөзі "үйрек" дегенді білдіреді, ал спорттық сленгте ducking – "қашу", "жекпе-жектен жалтару" деген мағына береді.

Жәнібек қарсыласына былай деп үн қатты:

"Эй, WBC чемпионы Карлос Адамес, қайдасың? Рингке шық! Маған менің белбеуім керек!" 

Сауд Арабиясындағы жекпе-жек болмай қалды

Бұған дейін Сауд Арабиясы 22 қараша күні Жәнібек – Адамес арасындағы үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді жоспарлаған. Алайда келіссөздер соңғы сәтте тоқтап қалды. Карлос келісімнен бас тартқан.

Әлімханұлының келесі жекпе-жегі

Қазақ чемпионы қараша айының басында АҚШ-та рингке шығуды жоспарлап отыр. Қарсыласы әлі нақты бекітілген жоқ, алайда WBO немесе IBF жаңа міндетті қарсылас тағайындауы мүмкін.

Ал Карлос Адамеске қатысты да интрига сақталып тұр. Оның міндетті қарсыласы ретінде тағы бір қазақстандық боксшы – Мейірім Нұрсұлтанов тіркелген. Демек WBC белбеуі үшін де қазақстандық дерби өткізілуі ғажап емес.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір