Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Шавкатқа қатысы бар ма? UFC экс-чемпионы рейтингтердің құпиясын ашты

Сарапшы, спорт журналисі
10.09.2025, 16:16

UFC-дің бұрынғы чемпионы Доминик Круз ұйымдағы ресми рейтингтердің спорттық нәтиже емес, файтердің келісімшарты мен сыйақысына қарай қалыптасатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, жеңіс пен жеңіліс емес, бизнес пен коммерция шешуші рөл атқарады.

offside.kz
offside.kz

Америкалық файтер Доминик Круз MightyCast подкастында Деметриус Джонсонмен болған әңгіме барысында UFC жүйесіндегі әділдікке қатысты ой бөлісті. Ол рейтинг көрсеткіші жауынгердің спорттық деңгейін емес, қаржылық құнын көрсететінін алға тартты.

«Менің тәжірибем бойынша, рейтинг – сенің келісімшартыңа байланысты. Егер ірі келісімге қол қойып, қысқа уақытта жекпе-жекке шықсам, гонорарым артады. Тіпті жеңілсем де, компания маған топ-5 қарсылас береді, өйткені олар өз инвестициясын қайтарғысы келеді», – деді Круз.

Фото: sportrbc.ru

Мысал ретінде Тони Фергюсонды атауға болады. Америкалық файтер ұзақ жеңілістер сериясына қарамастан, топ жауынгерлермен кездесуді жалғастырып келеді.

«Мен қатарынан екі рет жеңілсем де, мені бәрібір топ қарсыластарға қояды, өйткені мен үлкен ақша аламын. UFC үшін менің сол гонорарға октагонда “өлгенім” тиімді», – деді бұрынғы чемпион.

Спорт па, әлде шоу-бизнес?

UFC-дегі рейтинг жүйесі туралы пікірталаста Деметриус Джонсон бұл индустрияның спорттан гөрі шоу-бизнеске жақын екенін айтты. Бірақ Круз әлі де спорттық рух сақталғанын алға тартты:

«Егер рейтингтердің скиллге емес, көрермен сұранысына байланысты екенін қабылдасаң, бәрі түсінікті болады. Бұл – спорт, тек басқа қаптамада», – деді ол.

Доминик Круз биыл ақпанда мансабын аяқтады. Ол UFC тарихындағы ең танымал жеңіл салмақ жұлдыздарының бірі саналады. Спорт олында Урайя Фейбер, Кодди Гарбрандт, Ти Диллашоу және Генри Сехудо сынды мықтылармен айқасқан.

Айта кетейік

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов бүгінде UFC рейтингінде үздіктер қатарында. UFC-дің жартылай орта салмақтағы ресми рейтингінде 3-орынға және салмақ дәрежесіне қарамастан үздік файтерлер арасында 15-орынға жайғасқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір