Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Канело" командасындағы қазақстандық боксшы АҚШ-та нокаутпен жеңіске жетті

Сарапшы, спорт журналисі
11.09.2025, 13:56

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет АҚШ-та өткен турнирде қарсыласын нокаутпен жеңді.

Бек Нұрмағанбет тағы да жеңіс қосты

25 жастағы қазақстандық боксшы Лас-Вегаста (Невада штаты) өткен бокс кешінің басты жекпе-жегіне шықты. Ол екінші орта салмақтағы (76,2 кг дейін) америкалық Стивен Самптермен қолғап түйістірді.

Кездесу он раундқа жоспарланғанымен айқас мерзімінен бұрын аяқталды.

Екінші раундта Нұрмағанбет қарсыласын нокдаунға жіберді. Үшінші раундтан кейін Самптердің бұрышы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша техникалық нокаут тіркелді.

Нұрмағанбеттің кәсіби рекорды

Кәсіпқой рингте: 15 жеңіс

Соның ішінде: 13-і мерзімінен бұрын

Ал Самптер үшін бұл алғашқы нокауттық жеңіліс болды. 31 жастағы америкалық боксшының еншісінде 11 жеңіс (9-ы – нокаутпен), 2 жеңіліс және 1 тең нәтиже бар.

"Канелоның" алдағы айқасы

Айта кетейік, 14 қыркүйек күні (Астана уақытымен түнде) Сауль «Канело» Альварес өзі шаршы алаңға шығады. Ол екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын америкалық Теренс Кроуфордқа қарсы қорғайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір