
Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының кездесуі әртүрлі нәтижемен аяқталды: ерлер жеңіліс тапса, қыздарымыз жеңімпаз атанды.
Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлады.
60 келі салмақта Виктория Графеева өзбек боксшысы Ситора Турдибекованы сенімді жеңіп, рингте толық үстемдік құрды. Оның әр раунды қарқыны артып, төрешілердің басым көпшілігі қазақстандық спортшыны қолдады.
Ал 65 келіде Аида Әбікеева тарихи сенсация жасады. Ол үш дүркін әлем чемпионы, Олимпиада жеңімпазы Бусеназ Сюрменеліні айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл жеңіс Әбікееваның кем дегенде қола жүлдесін қамтамасыз етті.
Өкінішке қарай, ерлер құрамасы дәл осындай жетістікке жете алмады.
Жартылай финалға шығу мүмкіндігі әлі де бар: Санжар Тәшкенбай мен Назым Қызайбай. Олар жуырда ширекфиналдық кездесулерін өткізеді.