Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Загреб-2025: Еркін күрестен Қазақстан балуандарының алғашқы қарсыластары анықталды

Сарапшы, спорт журналисі
12.09.2025, 20:35

13 қыркүйекте Хорватия астанасы Загребте ересектер арасында күрес түрлерінен кезекті әлем чемпионаты бастау алады. Жарыстың алғашқы күнінде еркін күрестен Қазақстан құрамасының балуандары кілемге шығады. 

Instagram/@qaz_team_official
Instagram/@qaz_team_official

Қазақстан құрамасының алғашқы белдесулері

Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары төмендегідей анықталды:

  • 57 кг, іріктеу: Әділет Әлмұхамедов – Арыйан Тютрин (UWW)
  • 61 кг, іріктеу: Асылжан Есенгелді – Нилс Леутер (Швейцария)
  • 65 кг, іріктеу: Начын Куулар – Тао Вэй (Қытай)
  • 70 кг, 1/8 финал: Нұрқожа Қайпанов – Питер Дюк (АҚШ) немесе Чен Сюан (Қытай)
  • 74 кг, 1/16 финал: Әлібек Әбдіқасым – Мурад Курамагомедов (Мажарстан)
  • 79 кг, іріктеу: Болат Сақаев – Ибрагим Метехан Япрак (Түркия)
  • 86 кг, іріктеу: Азамат Дәулетбеков – Паулюс Лескаускас (Литва)
  • 92 кг, іріктеу: Камил Куруглиев – Хуа Же (Қытай)
  • 97 кг, іріктеу: Ризабек Айтмұхан – Магомед Курбанов (UWW)
  • 125 кг, іріктеу: Әлішер Ерғали – Ален Хубулов (Болгария)

Алғашқы күннің бағдарламасы

Чемпионаттың бірінші жарыс күнінде 61, 70, 86 және 125 кг салмақ дәрежелерінде іріктеу кездесулері өтеді. Осы белдесулерден кейін финалға жолдама алатын спортшылардың есімі белгілі болады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір