Жартылай финалдағы драма: Графеева жеңісті қолдан беріп, қолаға тоқтады
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында (World Boxing) Қазақстан құрамасының алғашқы финалдық мүмкіндігі үзілді.
Instagram/@boxingkazakhstan
Жартылай финалдағы айқас
60 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Виктория Графеева жартылай финалда Бразилия өкілі Ребека Де Лима Сантоспен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте қазылар шешімі бойынша жеңіс оңтүстік америкалық боксшыға берілді.Осылайша Де Лима Сантос алтын жүлде үшін финалда айқасады. Ал қазақстандық қола медальмен шектелді.
Қазақстанға алғашқы қола бұйырдф
Айта кету керек, Виктория Графеева – Қазақстан сапында ӘЧ-2025 жартылай финалында алғаш болып шаршы алаңға шыққан боксшы. Оның жетістігі ұлттық құраманың қоржынындағы алғашқы жүлделердің біріне айналды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet