Аида Әбікеева — Қазақстанның тұңғыш финалисі

Сарапшы, спорт журналисі

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымы ұйымдастырған алғашқы ресми ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Аида Әбікеева — Қазақстанның тұңғыш финалисі
Instagram/@boxingkazakhstan

Әбікеева – финалда!

65 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Аида Әбікеева жартылай финалда ирландиялық Грэйни Мэри Уолшпен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол Қазақстан атынан алғашқы болып финалға шыққан спортшы атанды.

Қарсыластың нәтижесі

Ирландия өкілі Уолш үшін бұл жарыс қола жүлдемен аяқталды. Ал Әбікеева енді алтын медаль үшін рингке көтеріледі.Айта кетейік, World Boxing федерациясы ұйымдастырған бұл әлем чемпионаты тарихта тұңғыш рет ресми ересектер арасындағы турнир мәртебесіне ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір