Наталья Богданова ӘЧ шешуші айқасына жолдама алды

Сарапшы, спорт журналисі

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Наталья Богданова финалға шықты. 

Наталья Богданова ӘЧ шешуші айқасына жолдама алды
Instagram/@boxingkazakhstan

Жартылай финалдағы тартысты жекпе-жек

70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Наталья Богданова жартылай финалда жергілікті фаворит Шантель Ридпен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған айқастың қорытындысында төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс қазақ боксшысына берілді.

Наталья әлем чемпионатының алтын жүлдесіне таласу құқығын жеңіп алды. Ал қарсыласы Шантель Рид өз еліндегі додада қола медальмен шектелді.

Бұрынғы жетістіктері

Айта кетейік, Богданова бұған дейін 2025 жылғы IBA әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Сондай-ақ ол 2022 жылғы Жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін де қоржынға салған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір