
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Allegiant Stadium аренасында жылдың басты бокс кеші өтті. Рингке мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 КО) пен АҚШ өкілі Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) шықты. Бұл кездесу суперорта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салды.
Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланып толық өтті. Төрешілер шешімі бойынша жеңіс Кроуфордқа берілді — 116:112, 115:113, 115:113. Айта кетерлігі, айқас алдында басты фаворит деп Канело саналған. Осылайша америкалық боксшы кәсіпқой рингтегі 42-ші жеңісін тіркеді. Ал Альварес үшін бұл мансабындағы үшінші жеңіліс болды.
Бұл айқастың ерекше тұсы — Кроуфордтың бірден екі салмақ дәрежесіне жоғарылап, Канеломен кездесуі. Бұған дейін ол 2017 жылы бірінші жартылай орта салмақта, ал 2023 жылы жартылай орта салмақта абсолютті чемпион атанған. Енді ол тарихқа үш түрлі салмақта абсолютті чемпион атанған санаулы боксшылардың бірі ретінде енді.