
Англияның Ливерпуль қаласында алғаш рет World Boxing ұйымының аясында өткен 2025 жылғы әлем чемпионаты қазақстандық бокс үшін ерекше есте қалды. Бұл — кәсіби деңгейде ұйымдастырылған алғашқы «ересектер арасындағы» әлемдік біріншілік.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Назым Қызайбай финалда Үндістан спортшысы Минакшимен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің бөлінген шешімі бойынша қазақстандық боксшы қарсыласына жол берді.
Осылайша Минакши әлем чемпионы атанса, Назым Қызайбай күміс медаль жеңіп алды. Бұл нәтиже оған жаңа мәртебе әкелгенімен спортшының бұған дейінгі жетістіктерін ұмыттыруы мүмкін емес: