
ӘЧ-2025 алтын жүлдесінен кейін жас боксшының жетістігіне әлем назар аударды.
70 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Төрехан Сабырхан — жанкүйерлер арасында «Қазақ Ломаченконың інісі» аталып кеткен. Әлемдік деңгейдегі World Boxing федерациясының қамқорлығымен өткен Ливерпульдегі чемпионатта ол қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, алтын жүлде жеңіп алды. Бұл нәтиже оны халықаралық спорт аренасында жаңа деңгейге шығарды.
Танымал америкалық спорт сарапшысы Мэтт Робинсон өз инстаграм парақшасында қазақстандық боксшыға ерекше тоқталды:
«Қазіргі даму қарқыны Төрехан Сабырханды дұрыс бағытқа бастап келеді. Ол өзінің алғашқы ірі ересектер арасындағы турнирінде алтын алды. Бұл — оның болашағының айқын дәлелі», – деді Робинсон.
Төрехан Сабырхан кәсіби деңгейдегі алғашқы күнінен бері жеңіліс көрмеген. «Ерлер» арасындағы бокстағы жолын ол алтын медальдармен бастады:
Осы жеңістер жас жұлдыздың қарқынын көрсетіп қана қоймай, оның алдағы Олимпиада ойындарына басты үміткерлердің бірі екенін дәлелдейді.