Дана Уайт 2026 жылы UFC жанкүйерлерін шокқа түсіретін жаңалық айтты
UFC президенті Дана Уайт 2026 жылға жасаған ауқымды жоспарымен жанкүйерлерді шын мәнінде таңғалдырды. Оның айтуынша, алдағы маусым аралас жекпе-жек тарихындағы ең қарбалас кезеңдердің бірі болмақ.
Paramount-пен миллиардтық келісім
Дана Уайттың мұндай көлемді жоспар құруына басты себеп – Paramount компаниясымен жасалған 7,7 млрд долларлық келісімшарт. Бұл қадам Уайттың медиакеңістіктегі ықпалын бұрынғыдан да арттырып, жанкүйерлерге «Dana White TV»-ге пара-пар контент ұсынуға мүмкіндік бермек.
2026 жылғы турнирлердің нақты кестесі
Уайт Impaulsive подкастында алдағы жоспарларын ашық айтты:
- UFC: 44 ірі турнир;
- Power Slap: 12 шоу;
- UFC BJJ (бразилиялық жию-житсу): 14 турнир;
- Бокс: 16–18 ірі кеш.
Яғни тек Paramount платформасында 90-ға жуық спорттық ивент өтеді. Бұған қоса, Contender Series жобасы да ескерілсе, жалпы саны 100-ге тарта шоу болады.
Боксқа жаңа тыныс
Дана Уайттың айтуынша, қазір бокс теледидардан іс жүзінде жоғалып кеткен: тек DAZN платформасында кейбір жекпе-жектер көрсетіледі. Ол осы олқылықтың орнын толтырып, боксты қайтадан негізгі телеарналарға шығаруды көздеп отыр.