Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жәнібек Әлімханұлы көптен күткен жаңалығын жеткізді

Сарапшы, спорт журналисі

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне дайындықты бастап кеткенін мәлімдеді.

Жәнібек Әлімханұлы көптен күткен жаңалығын жеткізді
vesti.kz

Чемпион жаңа жекпе-жекке дайындықты бастады

Қазақ боксшысы әлеуметтік желідегі X парақшасында оқу-жаттығу жиынынан бейнежазба жариялап:

«Біз дайындықты бастадық, жаттығамыз, дайындаламыз», – деп жазды.

Әлімханұлы бұған дейін дивизиондағы өзге чемпиондарға үн қатып, біріктіруші жекпе-жектерден қашатынын сынға алған болатын.

  • Карлос Адамеспен (WBC) айқас өткізу ықтималдығы айтылғанымен, келіссөздер оңай болмай тұр.
  • Дивизиондағы тағы бір белді чемпион – Эрисланди Лара (WBA).

Жанкүйерлер Әлімханұлының алдағы қарсыласы осы екі мықтының бірі болуы мүмкін деп үміттенуде.

Соңғы жекпе-жегі

Жәнібек Әлімханұлының соңғы айқасы 5 сәуір күні Астанада өтті. Онда ол француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңіп, чемпиондық атақтарын қорғаған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір