
Бұрынғы суперауыр салмақ чемпионы, украиналық Владимир Кличко World Boxing президенттігіне сайлауға қатысатынын ресми түрде мәлімдеді.
Қазіргі басшы Борис ван дер Ворст екінші мерзімге қайта түспейтінін жариялаған.
World Boxing президенттігіне үш үміткер ұсынылды:
Президентті сайлау 2025 жылдың қарашасында өтеді. Дауыс беруге кем дегенде 30 күн қалғанда кандидаттардың түпкілікті тізімі жарияланбақ.
2025 жылдың көктемінде Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) боксты 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енгізуді бір ауыздан қолдады.
Ал ақпанда ХОК World Boxing-ті уақытша халықаралық басқарушы ұйым ретінде мойындаған болатын. Бұл ұйым 2023 жылы олимпиадалық қозғалыстан шеттетілген IBA-ның орнына келді.