Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Сәкен Бибосынов екінші кәсіпқой жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді

Сарапшы, спорт журналисі
30.09.2025, 12:35

Қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов рингке қайта оралатынын жариялады.

Сәкен Бибосынов екінші кәсіпқой жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді
Сәкен Бибосынов. Фото: ҚБФ

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой рингке екінші рет көтерілмек. Ол Қырғызстан астанасы Бішкектегі Bishkek Arena кешенінде өтетін бокс турнирінде шаршы алаңға шығады.

Бұл – Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы екінші айқасы. Алғашқы кездесуде ол филиппиндік боксшы Кристиан Леганды айқын басымдықпен жеңіп, сәтті дебют жасаған болатын.

Алдағы айқаста Бибосынов қырғызстандық Әділет Качкынбековпен кездеседі. Әлеуметтік желідегі парақшасында ол дайындық барысын бөлісіп, жанкүйерлеріне үн қатты:

«26 қазан – мен үшін үлкен күн. Жекпе-жегіме дайындық қызу жүріп жатыр. Әрбір тер төккен сәтім – жеңіске жақындатады.  Бұл жолы да барымды салып, ел сенімін ақтау үшін рингке шығамын. Алда талай сынақ бар, бірақ мақсатым – тек жеңіс!», – деп жазды Сәкен Бибосынов.

Сол күні бір рингте Өзбекстан атынан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, кәсіпқой бокста 8 жекпе-жегін де жеңіспен аяқтаған Хасанбой Дусматов та өнер көрсетеді. Оның бес кездесуі мерзімінен бұрын аяқталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир Орталық Азиядағы басты спорттық шаралардың біріне айналмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір