ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Қазақстан – Өзбекстан айқасы: жанкүйерлерді дүр сілкіндірген соңғы раундтағы шайқас

Әзербайжанда өтіп жатқан III Достастық ойындарының бокстан ширек финалында Қазақстан мен Өзбекстан арасында тартысты жекпе-жек өтті.

Қазақстан – Өзбекстан айқасы: жанкүйерлерді дүр сілкіндірген соңғы раундтағы шайқас
Спортты дамыту дирекциясы

48 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финал жолдамасын қазақ боксшысы Қорғанбек Балтин пен өзбекстандық Нодирбек Нишонов сарапқа салды.

Бірінші раундта өзбек боксшысы 3:2 есебімен абсым түссе, екінші раундта Балтин айқын абасымдығын көрсетіп 4:1 есебімен жеңіске жетті. Шешуші раунд қазақстандық боксшының толықтай басымдықпен аяқталды. 

Үш раундтың нәтижесі бойынша төрешілердің шешімі – 4:1 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. Осылайша жас боксшы кемінде қола жүлдені қоржынға салды.

III ТМД елдері ойындарында ұлдар арасында 7 боксшымыз жартылай финалға жолдама алды. Олар: 

  • Қорғанбек Балтин (-48 кг) 
  • Едіге Нұрқожа (-52 кг) 
  • Жалғас Апбаз (-54 кг) 
  • Алдияр Баяндинов (-63 кг) 
  • Дарын Төлеген (-70 кг) 
  • Бауыржан Әлиакбар (-80 кг) 
  • Еркетаң Жарқынбек (+80 кг) 

Айта кетейік, ұлдар командасы сапында Әзербайжанға барлық салмақта 13 былғары қолғап шебері келді. Ертең қыздар арасындағы ширек финал өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.