
2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады.
Бибосынов кәсіби боксқа өткеннен кейін өз карьерасын қарқынды бастады. Қазір ол екінші кәсіби жекпе-жегіне дайындық үстінде.
Боксшы өзінің жалпы дене дайындығын көрсететін бейнежазба жүктеді. Кадрларда Сәкен қызу жаттығу үстінде:
Бұл видео спорт жанкүйерлерінің арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Сәкен Бибосынов 25–26 қазан күндері Бішкекте өтетін Saikou Lush промоутерлік компаниясы ұйымдастырған турнирге қатысады.
Кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегінде қазақстандық былғары қолғап шебері қырғыз боксшысы Адилет Качкынбековпен кездеседі. Бұл айқас Сәкеннің кәсіби жолындағы маңызды кезең болмақ.