
Қазақстанның атақты былғары қолғап шебері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Семейдегі 2025 жылғы ел чемпионатындағы алғашқы кездесуін сенімді жеңіспен бастады.
Түркістан облысының намысын қорғап жүрген Бибосынов 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абай облысының өкілі Нұрахмет Берікболовпен қолғап түйістірді.
Бес раунд бойы қарсыласына мүмкіндік бермеген Сәкен айқын басымдықпен жеңіске жетті — 5:0. Осылайша Бибосынов турнирдің келесі кезеңіне жолдама алып, Берікболов жарысты аяқтады.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов — 2021 жылғы әлем чемпионы, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионаттарының жүлдегері (2021 — қола, 2022 — күміс).
Ол қазақстандық бокстың басты жұлдыздарының бірі саналады және биылғы ел чемпионатында да басты фавориттердің қатарында.