Рейтингте GGG Микки Уорд және Ломаченко секілді боксшыларды артта қалдырды.
Британдық боксшы және сарапшы Дэн Морли өз көзқарасы бойынша тарихтағы үздік боксшылардың жеке рейтингін жариялады. Бұл тізімде қазақстандық аңыз Геннадий Головкин бірінші орынды иеленді.
Дэн Морлидің сүйікті 5 боксшысы:
Морли бұл тізімнің жеке талғамына және өзін шабыттандырған спортшыларға негізделгенін атап өтті:
«Бәрінің өз сүйіктілері бар ғой. Мен үшін бұл – ринктегі стилі, мінезі мен өмір жолы мені ерекше қызықтыратын боксшылар. Олардың кейбірі менің бокс стиліме ғана емес, өміріме де әсер етті!»
Ол өз тізіміндегі бес боксшының үшеуімен — Дюранмен, Леонардпен және Головкинмен — жеке кездескенін айтты:
«Мен оларға өзімнің олардан алған шабытымды тікелей айту бақытына ие болдым. Үшеуі де ерекше қарапайым және ризашылығы мол адамдар болып шықты».

Геннадий Головкин орта және екінші орта салмақ дәрежелерінде өнер көрсетіп, әуесқой және кәсіпқой бокста теңдессіз жетістіктерге жетті.
Әуесқойлар арасында:
Кәсіпқойлар арасында:
Головкиннің соңғы аты шулы кәсіпқой жекпе-жегі 2022 жылдың қыркүйегінде өткен. Ол кезде ол суперорта салмақтағы абсолютті чемпион атағы үшін Канело Альвареске төрешілердің бірауызды шешімімен жол берген еді.
2024 жылғы 26 ақпаннан бастап Геннадий Головкин Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметін атқарып келеді.
2025 жылдың көктемінде оған КИМЭП университетінің құрметті докторы атағы берілді.