Дубайда өткен ACA 194 аралас жекпе-жек турнирінде өзбекстандық спортшы Саидёкуб Қахрамонов (12-3) пен мысырлық файтер Омар Эль-Били (6-3) октагонға шықты.
Бұл жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта өтті және үш раундқа жоспарланған. Алайда кездесу ұзаққа созылған жоқ. Бірінші раундтың соңында Қахрамонов қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Бұл жекпе-жек Саидёкуб Қахрамоновтың кәсіби мансабындағы 13-ші жеңісі болды. Ал оның қарсыласы Омар Эль-Били төртінші рет жеңіліс тапты.
Жанкүйерлер өзбек спортшысының техникалық шеберлігі мен қарқынын жоғары бағалады. Қахрамоновтың бұл жеңісі оны Таяу Шығыстағы ММА аренасында ең қауіпті файтерлердің бірі ретінде көрсетті.
Сол кеште ACA 194 турнирінде қазақстандық тәжірибелі жауынгер Қуат «Найман» Хамитов (26-8-2) та өнер көрсетеді. Ол ресейлік спортшы Анатолий Бойко (12-4)-мен кездеседі.
Бұл жекпе-жек отандық ММА жанкүйерлерінің назарында болмақ, себебі Хамитов соңғы айларда белсенді дайындық кезеңінен өткен.