Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Азиада-2025: Қазақстандық сегіз боксшы финалға шығып алтынға таласатын болды

Сарапшы, спорт журналисі

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Азиада Бахрейн елінде өтіп жатыр.

Азиада-2025: Қазақстандық сегіз боксшы финалға шығып алтынға таласатын болды
Сурет: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

28 қазанда Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды.

1/2 финалдың нәтижесі бойынша сегіз қазақстандық боксшы ақтық сында шаршы алаңға шығады.

Аяулым Оспанова (66 келіге дейін), Камила Оспанова (75 келіге дейін), Елнура Қоңырат (80 келіден жоғары), Арман Мырсәбит (46 келіге дейін), Жұмағали Нұрмахан (50 келіге дейін), Досжан Жұмақан (54 келіге дейін), Даниял Шалқарбай (66 келіге дейін), Мұхамедәлі Рүстембек (80 келіден жоғары) ақтық сында алтын медаль үшін таласады.

Ал Рамина Маханова (54 келіге дейін) және Санжар Матасов (75 келіге дейін) қарсыластарына жол беріп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер 30 қазанда өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір