ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Қазақстандық боксшы Азия ойындарының чемпионы атанды

Бахрейн астанасында өтіп жатқан 2025 жылғы Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Досжан Жұмақан алтын жүлдеге қол созды. 

Қазақстандық боксшы Азия ойындарының чемпионы атанды
instagram/@boxingkazakhstan

Финалдық жекпе-жекте Досжан Жұмақан Иран спортшысы Матин Чамипамен кездесті. Үш раундқа созылған шиеленісті айқаста төрешілер шешімімен жеңіс қазақстандық былғары қолғап шеберіне бұйырды — есеп 3:2.

Осылайша Досжан Жұмақан Азия ойындарының чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына кезекті алтын медаль салды. Ал қарсыласы Матин Чамипа күміс жүлдемен шектелді.
Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары 31 қазанда аяқталады, ал боксшылар үшін шешуші күн — 30 қазан.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.