Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан 2025 жылғы Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Камила Оспанова алтын медаль жеңіп алды.
Финалда Камила Өзбекстан спортшысы Самира Тургуновамен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Оспанова қарсыласына еш мүмкіндік бермей, айқын басымдықпен (5:0) жеңіске жетті.
Осылайша жас қазақстандық спортшы өз салмағында Азия ойындарының чемпионы атанып, ел қоржынына кезекті алтын жүлдені салды.
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасына бокстан бесінші алтын медальді әкелді. Бұған дейін:
чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын.