Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Бокстан әлем кубогында Қазақстанның қарсыластары белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

2025 жылы өтетін World Boxing Кубогының финалына қатысатын елдердің тізімі ресми түрде жарияланды. 

Бокстан әлем кубогында Қазақстанның қарсыластары белгілі болды
Instagram/@worldboxing

Әлемдік бокс додасының финалына қатысатын елдер белгілі болды

Биылғы маусымның шешуші турнирі – әлем боксының ең мықтыларын бір алаңға жинайтын айтулы жарыс болмақ. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, төрт құрлықтан келген 18 ұлттық команда чемпиондық атақ үшін бақ сынайды.

«Финалдық кезең көрермендерге нағыз бокс драмасын сыйлайды. Олимпиадалық стильдегі үздік спортшылар әлемдік аренада күш сынасып, тартысты жекпе-жектер мен ұмытылмас сәттер ұсынады», – деп жазылған World Boxing ұйымының ресми Instagram парақшасында.

Финалға қатысатын елдер тізімі

Турнирге келесі мемлекеттердің боксшылары қатысады:

  • Қазақстан
  • Өзбекстан 
  • Австралия
  • Жапония
  • Австрия
  • Қытай Тайбэйі
  • Қырғызстан
  • Англия
  • Нигерия
  • Финляндия
  • Польша
  • Германия
  • Корея Республикасы
  • Үндістан
  • Испания
  • Иран
  • Украина
  • Италия.

World Boxing Кубогының финалы 2025 жылдың 15–23 қарашасы аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір