Кубалық боксшы Эрисланди Лара бастапқыда бұл кездесудің жүзеге асарына сенімсіз болғанын мойындады.
Әлем чемпионы Эрисланди Лара алдағы Жәнібек Әлімханұлымен өтетін біріктіру жекпе-жегіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады. Кубалық боксшы бастапқыда бұл кездесудің жүзеге асарына сенімсіз болғанын мойындады.
42 жастағы кубалық чемпион, WBA белбеуінің иегері Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO), 6 желтоқсанда өтетін тарихи жекпе-жек алдында виртуалды баспасөз конференциясында өз ойымен бөлісті.
«Шынымды айтсам, бәрі іске асады деп сенімді болған жоқпын. Тек күтіп, жағдайдың қалай өрбитінін бақыладым. Өз промоутеріме және командама сендім — олар қашан және бола ма, болмай ма, бәрін хабарлайтын еді. Бірақ не болса да, мен барлығына дайын болдым», — деді Лара.
Лара мен Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі 6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында, Premier Boxing Champions (PBC) промоутерлік ұйымы ұйымдастырған бокс кешінде өтеді.
Кездесу барысында орта салмақтағы үш әлемдік белбеу —