Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Казақстан World Boxing кубогына қатысатын боксшылар тізімін бекітті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов 2025 жылдың соңына дейінгі ұйым жоспары мен ұлттық құраманың дайындығы туралы айтты. 

Казақстан World Boxing кубогына қатысатын боксшылар тізімін бекітті
instagram/@boxingkazakhstan

Мерей Ақшалов: “Жыл соңында бізді маңызды турнирлер күтіп тұр”

«Құрметті спорт жанкүйерлері! Жыл соңына жақындадық. Алда — World Boxing Кубогы. Қазір ерлер мен әйелдер құрамалары Алматы облысы, Жанашар ауылындағы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Бұл жиындар 1–10 қараша аралығында өтуде», — деді Ақшалов.

World Boxing Кубогы — Үндістанда

Жаттығу жиынынан кейін ерлер мен әйелдер ұлттық құрамалары Үндістанға аттанады.

Онда 15–23 қараша аралығында өтетін World Boxing кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан намысын 5 қыз және 8 жігіт қорғайды.

Федерацияның мәліметінше, құрам толық бекітілген, дайындық белсенді жүріп жатыр.

Жыл соңына дейін үш чемпионат өтеді

Мерей Ақшалов елде өтетін ішкі чемпионаттардың да маңызын атап өтті:

  • Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты — Өскемен қаласында;
  • Қыздар (жастар және жасөспірімдер) арасындағы чемпионат — Тараз қаласында;
  • Жасөспірімдер (юниорлар) арасындағы турнир — желтоқсанда Алматыда.

«Бұл жарыстар — келер жылғы ұлттық құраманы жасақтауда шешуші рөл атқарады. Себебі 2026 жылы жастар арасында әлем чемпионаты және Олимпиада ойындары өтеді. Сондықтан биылғы ел чемпионаттары — сол додаларға дайындықтың басты кезеңі», — деді Ақшалов.

Жыл қорытындысы – Федерация кубогының финалы

13–14 желтоқсан күндері Қазақстан бокс федерациясының кубогының финалдық кезеңі өтеді.

Қазірдің өзінде үш команда финалға шыққан, ал төртінші ұжым алдағы күндері анықталады.

«Жыл соңына дейінгі жоспарымыз осындай. Алдағы уақытта жаңа мақсаттар мен бастамаларды жариялайтын боламыз», — деп түйіндеді федерация бас хатшысы.

Маңызды даталар

  • Оқу-жаттығу жиыны 1–10 қараша Жанашар (Алматы облысы)
  • World Boxing Кубогы 15–23 қараша Үндістан, Нью-Дели
  • Қазақстан чемпионаттары қараша–желтоқсан Өскемен, Тараз, Алматы
  • ҚФБ Кубогының финалы 13–14 желтоқсан Қазақстан
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір