Қазақстан Исламиаданың 11-алтын медалін жеңіп алды
Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық муай-тай шебері Тұрар Дүйсехан 60 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Шешуші кездесуде қазақстандық спортшы ирактық Айяд Албадрмен жұдырық түйістірді. Жекпе-жек өте күрделі өтті. Қарсыластар тең дәрежеде айқас көрсетіп, тактика мен шеберлік басты рөл атқарды.
Қорытынды есеп — 29:28 Дүйсеханның пайдасына.
Осылайша Тұрар ұлттық құраманың медаль қоржынына он бірінші «алтын» салды.
Айта кетейік, Қазақстан Исламиада-2025 жарысына 101 спортшымен қатысуда:
- 51 ер спортшы
- 50 әйел спортшы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.