Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті
Қазақстандық боксшы Айдос Медет (13-0, 9 КО) 16 қараша күні таңертең АҚШ-тағы дебюттік жекпе-жегін өткізеді.
Айдос Медет. Фото: ашық дереккөзден
Ол Калифорния штатының Лонг-Бич қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығып, мексикалық Давид Рейес Котамен (25-14-2, 13 КО) кездеседі. Жекпе-жек алдында қос боксшы да ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, жеңіл салмақ санатының лимитіне (61,23 кг) сыйды.
Айдос Медет соңғы жекпе-жегін 25 мамырда Ақтөбеде өткізіп, онда отандасы Канағат Манатұлын (9-3, 7 КО) нокаутпен жеңіп, Қазақстан Кәсіби бокс комиссиясының екінші жеңіл салмақтағы чемпионы атағын иеленген болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet