Әйгілі бокс аңызы Кроуфорд соңғы жекпе-жегінде 40 миллион жанкүйер жинағанын алға тартты.
Бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы талассыз әлем чемпионы Майк Тайсон отандасы Теренс Кроуфорд қазіргі уақытта салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшысы екенін айтты.
«Теренс Кроуфорд 40 миллион көрерменді жинады. Ал Усик қанша жинады? Кроуфорд - өз ұрпағының ең жақсы боксшысы. Кім ең үздік деп саналатынын білесіз бе? Бұл ең жақсы техникаға ие емес, өз жекпе-жегіне ең көп адамдарды тарта алатын адам», - деп келтіреді Тайсонның сөзін Hardrock.
Естеріңізге салсақ, 14-ші қыркүйек күні Теренс Кроуфор Сауль Канело Альваресті жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атанды.
Ал Александр Усик болса шілде айында Даниэль Дюбуаны бесінші раунда техникалық нокаутпен жеңіп, мансабындағы 24-ші жеңісіне қол жеткізді.