Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Елдос Сметовтың Олимпиадаға баруы күмән тудырды

Сарапшы, спорт журналисі

Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы, қазақ дзюдосының айқын лидері Елдос Сметов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысты жоспарын айтты. 

Елдос Сметовтың Олимпиадаға баруы күмән тудырды
jambylinfo.kz

«Төртінші Олимпиада – мақсат. Бірақ толық кепіл жоқ»

Сметовтың айтуынша, ол Олимпиада-2028 үшін дайындық жүргізіп жатыр, алайда оның қатысатынына 100% сенім жоқ.

«Біздің жоспар — төртінші Олимпиадаға жолдама алу. Бірақ мұнда нақты кепіл жоқ. Өзім дайындалып жүрмін, ниет бар. Дегенмен спортта ештеңе анық емес», — деді ол.

Тәжірибелі спортшы жас дзюдошылардың қарқыны жоғары екенін атап өтті.

«Біздің ізімізден талай мықты жастар шығып келеді. Мүмкін, солардың бірі өзін көрсетіп, орын алады. Егер біреу шын мықты болса — оған ешкім кедергі жасамайды. Олимпиадаға атақ үшін емес, күшіңмен барасың», — деп түсіндірді чемпион.

«Спорт – ең мықтылардың айқасы»

Елдос Сметов спорттағы басты қағиданы еске салды — төселген жолмен емес, нәтижемен бару.

«Бұл — спорт. Мұнда тек дәлелдеген, формасын көрсеткен адам ғана жолдамаға ие болады. Сондықтан бәрі әділ», — деді ол.

Елдос Сметов — Қазақстан мен Орталық Азия тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы (дзюдо). Ол Олимпиада ойындарындағы барлық деңгейдегі медальді иеленген жалғыз қазақстандық дзюдошы:

  • Париж-2024 — алтын
  • Рио-2016 — күміс
  • Токио-2020 — қола

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір