Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Сенсация! Ангелина Лукас ТОП-30-ға кірмейтін боксшыдан жеңілді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Каирде өткен турнирде күтпеген жерден екінші рет жеңіліс тапты.

Сенсация! Ангелина Лукас ТОП-30-ға кірмейтін боксшыдан жеңілді
Instagram/@angelina_lukas1997

10 раундқа созылған тартысты айқас

Тараз тумасы Лукас америкалық қарсыласы Кэтрин Ренеимен рингте жолықты. Египеттің астанасында өткен кештің басты жекпе-жегі толық 10 раундқа созылып, тартысты өтті.

Үш төрешінің екеуі жеңісті АҚШ боксшысына берді:

  • 96:94 — Рене
  • 92:98 — Лукас
  • 96:94 — Рене

Осылайша Кэтрин Рене WBA Gold чемпиондық белбеуінің иегері атанды.

Америкалық спортшының көрсеткіші және Лукастың карьерасындағы өзгеріс

36 жастағы Рене енді кәсіби рингтегі көрсеткішін сегіз жеңіске (үшеуі — нокаут) жеткізді. Оның еншісінде бес жеңіліс бар, соның бірі — мерзімінен бұрын аяқталған.

Ал Ангелина Лукас мансабындағы екінші жеңілісіне тап болды. Оның 10 жекпе-жектен тұратын жеңісті сериясы үзілді. 28 жастағы қазақстандық спортшының рекорды қазір:

  • 15 жеңіс
  • 8 нокаут
  • 2 жеңіліс

Лукас әлем чемпионын да шақырған еді

Каирдегі кездесуге дейін Лукас абсолютті әлем чемпионы Габриэла Фундораға ашық түрде шақыру тастаған. BoxRec рейтингі бойынша Ангелина Лукас салмақ дәрежесінде әлемнің үшінші нөмірі еді. Ал Кэтрин Рене топ-30 қатарына кірмеген, көбіне одан да жеңіл дивизиондарда жұдырықтасып келген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір