Нью-Йорктегі аты аңызға айналған «Madison Square Garden» аренасында өтіп жатқан UFC 322 турнирінің алдын ала кардында жойқын нокаут тіркелді. АҚШ файтері Бо Никал бразилиялық Родолфо Виейраны үшінші раундта керемет сол жақ хай-кикпен тоқтатты.
Бұл сәт әлеуметтік желілерде лезде вирусқа айналып, турнирдің ең жарқын эпизодтарының бірі ретінде бағалануда.
Орта салмақта өткен кездесу тартысқа толы болды. Үшінші раундта бастаманы толық өз қолына алған Бо Никал қарсыласын дәл әрі жойқын тепкімен құлатты.
Бұл жеңіс американдық файтердің мансабындағы алғашқы жеңілістен кейінгі «қалпына келу» сәті болды. Енді оның рекорды — 8-1 (UFC: 5-1).
Ал Родолфо Виейра үшін бұл төртінші рет жеңіліссіз тұсауын кескен ауыр сәт. Оның көрсеткіші — 11-4.
UFC 322 турнирінің негізгі оқиғасы — жартылай орта салмақтағы (77 кг дейін) чемпиондық белбеу үшін өтетін кездесу. Октагонға Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена шығады.