ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

UFC 322: Негізгі кард 15-секундтағы нокаутпен басталды (ВИДЕО)

Нью-Йорктегі UFC 322 турнирының негізгі карды сенсациялық оқиғамен ашылды. Жеңіл салмақта өнер көрсеткен француз файтері Бенуа Сен-Дени америкалық Бенеил Дариушті небәрі 15 секундта нокаутқа жіберді.

Бенуа Сен-Дени жойқын соққымен көрерменді таңғалдырды

Оқиғаның видеосы желіде жылдам тарап, турнирдің алғашқы сенсациясына айналды.

Сен-Дени бұл әсерлі жеңістен кейін өз сериясын үш жекпе-жекке дейін созды. Оның жаңартылған кәсіби рекорды — 16-3-1 (NC). 

Ал 37 жастағы тәжірибелі Дариуш үшін бұл соңғы төрт айқастағы үшінші жеңіліс. Оның көрсеткіші — 23-7-1.

Америкалық спортшының мансабындағы қиын кезең жалғасып жатқандай.

UFC 322 кешінің басты жекпе-жегі

Кештің негізгі титулдық айқасы жартылай орта салмақта (77 кг дейін) өтеді. Октагонға UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Ислам Махачев пен австралиялық мықты оттогшылардың бірі Джек Делла Маддалена шығып, белбеу тағдырын сарапқа салады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.