"Мақсатым – жеңістің кілтін табу": Асу Алмабаевтың қарсыласы өз жоспарымен бөлісті
Естеріңізге салсақ, Асу Алмабаев UFC-дегі алтыншы жекпе-жегін өткізеді.
Америкалық UFC жауынгері Алекс Перес (25-9) алдағы демалыс күндері қазақстандық Асу Алмабаевқа (22-3) қарсы өтетін жекпе-жекке қатысты өз күтулерін бөлісті.
"Бұл жақсы жекпе-жек болады, екеуіміз де — мықты күресші және грэпплерлерміз. Бірақ мен оның күресі жайлы уайымдамаймын, ол да менікін уайымдамайды деп ойлаймын. Әдетте, оған да, маған да «сенің күресің жақсы» деп айтатын шығар. Маған тек жекпе-жектің қалай өрбитінін көрген қызық. Ол мықты қарсыластармен айқасты, рейтингте тұр. Бұл жұмбақты шешуге асығып отырмын. Бұған дейін оны тек 3–4 жігіт қана жеңе алды, соңғысы — Манел [Капе]. Сондықтан мен оған қарсы кілт тауып, жеңіске жетуді мақсат тұтып отырмын, ары қарай не боларын көре жатармыз", — деді Перес журналист Марсель Дорффқа берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Алмабаев пен Перес 22 қарашада Катардың Доха қаласында өтетін UFC Fight Night турнирі аясында октагонға шығады.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.