Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Әлемнің нағыз көшбасшысы» — Өзбекстан құрамасын мақтаған Сәтжанов біздің жігіттер туралы не деді?

Сарапшы, спорт журналисі

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Ташкентте өтіп жатқан бірлескен оқу-жаттығу жиыны мен спаррингтер туралы пікір білдірді.

«Әлемнің нағыз көшбасшысы» — Өзбекстан құрамасын мақтаған Сәтжанов біздің жігіттер туралы не деді?
Instagram/@boxingkazakhstan

Ташкенттегі оқу-жаттығу жиыны: әлемдік деңгейдегі спаррингтер

Ұлттық құраманың ОЖЖ-ы Өзбекстан астанасында 19 қарашада басталды. Жиынға Қазақстанның негізгі құрам көшбасшылары, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Таиланд командалары қатысуда.

Қайрат Сәтжанов қарсылас елдің құрамасын ерекше атап өтті:

«Жиын өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, Өзбекстан құрамасы қазір әлемдік бокстың көшбасшысы, оны нәтижелерімен дәлелдеп жүр. Мұнда Олимпиада чемпиондары, қос Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов, Асадхуджа, әлем чемпиондары Умматалиев, Хабибуллаев, Эркинбоев, Исроилов сынды мықтылар жиналған», – деді бас бапкер.

Қазақстан мен Өзбекстан жұлдыздары бір рингте

Ұлттық құрамамыздың сапында екі дүркін әлем чемпиондары Махмұд Сабырхан, Санжар Тәшкенбай, әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов бар.

Қазіргі спаррингтердің бірінде Сәкен Бибосынов Өзбекстан құрамасының лидері, Азия чемпионы Музаффаровпен жұдырықтасып жатқанын айтқан Сатжанов спаррингтердің маңызын ерекше бағалады:

«Қазір рингте Сәкен Бибосынов – әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері, ал оның қарсыласы Музаффаров – Азия чемпионы, Өзбекстан құрамасының лидері. Осындай жекпе-жектер біздің жігіттерді шыңдай түседі. Жалпы, жиын да, спаррингтер де өте жоғары қарқында өтуде», – деді ол.

Қайрат Сатжановтың сөзінше, мұндай халықаралық жиындар боксшыларға тек тактикалық, техникалық жағынан ғана емес, психологиялық тұрғыдан да үлкен серпін береді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір