ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Қазақстан кедергі бола ма? Бокстан Ресей құрамасы ӘЧ-дағы «алтын жоспарын» жариялады

Ресей бокс федерациясының жаттықтырушылар кеңесінің төрағасы Эдуард Кравцов Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында ресейлік былғары қолғап шеберлері қанша алтын медаль алуы тиіс екенін айтты. 

Қазақстан кедергі бола ма? Бокстан Ресей құрамасы ӘЧ-дағы «алтын жоспарын» жариялады
matchtv.ru

Кравцов не деді?

Маманның айтуынша, бұл турнирдің өзінде-ақ Ресей құрамасы үшін көрсеткіш тарихи деңгейге жеткен:

  • 13 боксшы жартылай финалға,
  • 12 боксшы финалға шыққан.

Кравцов кейбір сыншылардың «ең мықтылар қатыспады» деген пікір айтуы мүмкін екенін де атап өтті. Алайда оның сөзінше, дәл қазір рингке шыққандардың арасында World Boxing чемпионатында алтын алған боксшылар бар. Сонымен бірге финалға Өзбекстанның 2024 жылғы үш олимпиада чемпионы да өткен.

«Алтынның жартысын алу керек»

Эдуард Кравцов Ресей құрамасының нақты мақсатын жасырмады:

«12 финалдың кем дегенде жартысында алтын алуымыз керек. Сонда ғана толық қуанып, бір-бірімізді құттықтауға болады», — деді ол.

Қазақстандықтар қарсылас болатын үш финал

Айта кетейік, финалдағы үш жекпе-жекте ресейлік боксшыларға қазақстандықтар қарсы тұрады:

  • 54 кг: Сәкен Бибосынов — Вячеслав Рогозин
  • 71 кг: Абылайхан Жүсіпов — Сергей Колденков
  • 75 кг: Сабыржан Аққалықов — Исмаил Муцольгов
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.