Елдос Сметов көптен күткен жаңалығын айтты (ВИДЕО)
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы жанкүйерлеріне үн қатып, дайындық барысынан сүйінші жаңалық жеткізді.
«Чемпиондық еңбектің арқасында сақталады»
Спортшы Instagram парақшасында оқу-жаттығу жиынында жүргенін атап өтіп, әр күнгі жұмыстың маңызын ерекше айтты.
«Ассалаумағалейкум, Қазақстан халқы! Қазір біз оқу-жаттығу жиынындамыз. Татамиде күн сайын — жаңа деңгей, жаңа күш. Чемпиондық еңбектің арқасында сақталады.
Жаңа белестерді бағындыруға дайындық жалғасып жатыр. Алға, тек алға!» — деп жазды Елдос.
Елдос Сметовтің соңғы ресми бәсекесі Париж-2024 Олимпиадасы болған. Одан кейін балуан жарақатын емдеп, біраз уақыт қалпына келу кезеңінен өтті әрі өзге жобаларға да көңіл бөлгені айтылады.
Орталық Азиядағы бірегей жетістік
Елдос Сметов — Орталық Азияда Олимпиаданың толық медаль жиынтығын (алтын-күміс-қола) иеленген жалғыз дзюдошы:
- Париж-2024 — алтын
- Токио-2020 — күміс
- Рио-2016 — қола