Сенбі, 13 желтоқсан күні Қазақстан боксшылары Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтетін 2025 жылғы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектерін өткізеді.
Финалда Қазақстан намысын Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг) және Сабыржан Аққалықов (75 кг) қорғайды. Олардың жекпе-жектерінің тікелей трансляциясын осы жаңалықтың төменгі бөлігінен көруге болады. Финалдық кездесулердің кестесі төмендегідей (уақыты — Қазақстан уақытымен):
Еске сала кетейік, бастапқыда Қазақстан құрамасының 2025 жылғы әлем чемпионатына арналған өтінімінде 13 спортшы болған. Олардың жетеуі жүлдеге жете алмады — Даниял Сабит (51 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Санатали Төлтаев (67 кг), Ерасыл Жақпеков (81 кг), Даулет Төлемісов (86 кг), Нұрмағамед Юсупов (92 кг) және Нұрлан Сапарбай (92+ кг). Ал Теміртас Жүсіпов (48 кг) пен Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) жарыстың қола жүлдегерлері атанды.