Бүгін Теренс Кроуфорд кәсіпқой боксшы ретіндегі мансабын аяқтауға ниетті екенін хабарлады.
Белгілі америкалық журналист әрі инсайдер Стив Ким қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына байланысты жағдайы әлемдегі үздік боксшылардың бірі Теренс Кроуфордтың мансабын аяқтау туралы шешіміне қаншалықты ықпал еткенін мәлімдеді.
Бүгін Теренс Кроуфорд кәсіби бокста «дәлелдейтін ештеңе қалмады» деп, қолғапты шегеге ілетінін ресми түрде хабарлады. Оның бұл шешімі бокс қауымдастығында кең талқылауға түсті.
Стив Кимнің айтуынша, Кроуфордтың шешіміне әсер еткен факторлардың бірі — Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы болуы мүмкін.
«Маған жеткен мәліметтерге қарағанда, Кроуфордтың шешіміне Жәнібекке қатысты жағдай да ықпал еткен...», — деп жазды Ким X әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін Теренс Кроуфордтың ықтимал қарсыласы ретінде қарастырылған. «Бад» лақап атымен танымал америкалық боксшы орта салмаққа көтеріліп, төртінші салмақта абсолют чемпион атануды көздеген.