Токиодағы Kokugikan аренасында өткен бокс кешінде аса жеңіл салмақта (50,8 кг дейін) WBO нұсқасы бойынша америкалық әлем чемпионы Энтони Оласкуага (11-1, 8 KO) жапониялық экс-үміткер Таку Кувахараны (14-3, 9 KO) мерзімінен бұрын жеңді.
Жекпе-жек барысында үміткер тактикалық тұрғыда джебке сүйеніп, көбіне екінші нөмірмен жұмыс істеуге тырысты. Алайда чемпионның тұрақты қысымы, соққы қуаты және шабуылдағы әртүрлі арсеналы Кувахараны тығырыққа тіреді. Нәтижесінде жапониялық боксшы 4-раундта қарсыласудың мәні жоғын түсініп, жекпе-жек тоқтатылды.
Осы кештің тағы бір маңызды айқасында Жапонияның бұрынғы әлем чемпионы Сеиго Акуи (22-3-1, 12 KO) екінші аса жеңіл салмақта (52,2 кг дейін) алғашқы жекпе-жегін өткізіп, филиппиндік Венсент Лакарды (10-2, 4 KO) уақытынан бұрын ұтты.
3-раундта Акуи қарсыласын оң жақ тура соққымен нокдаунға жіберді. Лакар орнынан тұрғанымен төреші оның жағдайын ескеріп, жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермеді. Филиппиндік боксшы да бұл шешімге қарсылық танытқан жоқ.