Қазақстан чемпионы кәсіпқой боксқа ауысты

Сарапшы, спорт журналисі

Алғашқы жекпе-жектің қашан, қайда және кімге қарсы өтетіні де белгілі. 

Қазақстан чемпионы кәсіпқой боксқа ауысты
Vesti.kz

Қазақстандық боксшы Кенже Мұратұлы кәсіпқой боксқа ауысты. Алғашқы жекпе-жегі қашан және кімге қарсы болатыны да белгілі.

Атап айтар болсақ, айқас 27 желтоқсанда Алматыда Ali Akhmedov Promotions ұйымдастыратын бокс кешінде өтеді. Оның қарсыласы — 18 жастағы өзбекстандық Абдуазиз Бахруллаев (1-0, 1 KO). Жекпе-жек екінші жеңіл салмақ лимитінде өтеді.

Айта кетейік, Кенже Мұратұлы — 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Қазақстанның қазіргі чемпионы. Сондай-ақ ол мамыр айында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен Азия чемпионатында-2025 осы жас санатында бақ сынаған болатын. Алайда алғашқы жекпе-жекте жеңіліп қалды.

Ал Абдуазиз Бахруллаев кәсіпқой бокста ақпанда дебют жасап үлгерді. Ол Андижанда (Өзбекстан) өткен жекпе-жекте жерлесі Умиджон Назаровты (0-1) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, сенімді жеңіске жеткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір