Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қос боксшы бір мезетте нокдаунға түсті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Форт-Лодердейл (АҚШ) қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жанкүйерлер ерекше эпизодқа куә болды. Америкалық Джоэшон Джеймс пен кубалық Йожанлер Мартинес бір раундта бірін-бірі қатарынан құлатты. Сирек кездесетін «қос нокдаун» сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тез тарады.

Қос боксшы бір мезетте нокдаунға түсті (ВИДЕО)
nyfights.com

Жекпе-жек қайда және қашан өтті?

Кездесу ProBox Fight Night турнирі аясында Флорида штатындағы War Memorial Auditorium аренасында (Форт-Лодердейл) ұйымдастырылды.

Драмалық сәт 3-раундта тіркелді: боксшылар бір уақытта дәл соққы алмасып, екеуі де канвасқа құлады. Джеймс тезірек ес жиып, орнынан дереу тұрғанымен Мартинес біраз уақыт теңселіп, ауыр соққы әсерін сездірді. 

Айта кетейік, одан бір раунд бұрын Мартинес ереже бұзып, қарсыласының желке тұсына бірнеше соққы бағыттағаны үшін бір ұпайынан айырылған. Кейін бұл шешім нәтиже тағдырын айқындаған негізгі факторлардың бірі болды. 

Нәтиже: кім жеңді?

Жекпе-жек толық 8 раундқа созылып, қазылар көпшілік шешіммен (majority decision) жеңісті Джеймске берді:

  • 77–73
  • 77–74
  • 75–75 
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір