Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық ММА жауынгері Дияр Нұрғожайдың (10-2) келесі қарсыласы белгілі болды.

Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды
Дияр Нұрғожай. Фото: Getty Images

Танымал MMA инсайдері Марсель Дорффтың мәліметінше, қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай 2026 жылдың 7 наурызында АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 326 турнирінде октагонға қайта оралады. Бұл жекпе-жекте отандасымыз бразилиялық спортшы Рафаэль Тобиаспен кездеседі. Айта кету керек, Тобиастың кәсіби рекорды – 14 жеңіс пен 1 жеңіліс, ал алдағы кездесу оның UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Еске сала кетсек, Дияр Нұрғожай осы уақытқа дейін UFC аясында екі жекпе-жек өткізіп үлгерді. Алайда екі кездесу де ол үшін сәтсіз аяқталды. Биыл наурыз айында қазақстандық файтер бразилиялық Брендсон Рибейроға қарсы шыққан болатын. Жекпе-жек екінші раундта мерзімінен бұрын аяқталып, Рибейро техникалық нокаут арқылы жеңіске жетті. Ал тамыз айында Нұрғожай қырғызстандық перспективалы спортшы Уран Сатыбалдиевпен күш сынасты. Бұл кездесуде қарсыласы бірінші раундта-ақ жеңісті өз пайдасына шешті.

Ал Рафаэль Тобиасқа келер болсақ, ол жақында ғана UFC ұйымымен келісімшартқа қол қойған. Қазақстандық спортшымен болатын жекпе-жек бразилиялық файтер үшін әлемдегі ең ірі ММА промоушеніндегі алғашқы ресми дебюті болмақ. Осылайша, алдағы кездесу екі спортшы үшін де аса маңызды: Нұрғожай үшін UFC-дегі алғашқы жеңіске қол жеткізу мүмкіндігі болса, Тобиас үшін – өзін жаңа деңгейде дәлелдеуге таптырмас мүмкіндік.

UFC 326 турнирі жанкүйерлер үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр, ал Дияр Нұрғожайдың октагонға қайта оралуы қазақстандық ММА жанкүйерлері үшін маңызды оқиғалардың бірі болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір