Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Әбиба Әбужақынова әлемнің №1 дзюдошысы атанды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық дзюдошы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбиба Әбужақынова 2025 жылдың қорытындысында IJF (Халықаралық дзюдо федерациясы) рейтингі бойынша 48 келіге дейінгі салмақта бірінші орынға көтерілді.

Әбиба Әбужақынова әлемнің №1 дзюдошысы атанды
instagram/@abiba48

IJF рейтингі: 48 кг салмақта көш бастады

28 жастағы спортшы Жапонияда өткен Grand Slam сериясының соңғы кезеңіне қатыспағанымен бұл нәтиже оның көшбасшылық орнын сақтап қалуына кедергі келтірмеді.

Аталған салмақта:

  • 2-орында — Олимпиаданың қола жүлдегері, швециялық Тара Бабулфат;
  • 3-орында — ресейлік Сабина Гялязова тұр.

5096 ұпай: маусым соңындағы нақты көрсеткіш

Қазақстан ҰОК (Ұлттық олимпиада комитеті) мәліметінше, жыл соңында Әбибаның еншісінде 5096 ұпай жиналған. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан ешбір дзюдошы топ-10 қатарына кіре алмаған.

Топ-10-ға ең жақын тұрғандар:

  • Ғұсман Қырғызбаев (66 кг дейін) — 14-орын;
  • Абылайхан Жұбаназар (81 кг дейін) — 14-орын.

Әбужақынованың 2025 жылғы нәтижелері

2025 жылы Әбиба Әбужақынованың қоржынында бірнеше ірі жетістік бар:

  • Австриядағы Гран-при кезеңінде чемпион атанды;
  • Grand Slam турнирлерінде екі мәрте қола жүлде жеңді;
  • әлем чемпионатында күміс медаль иеленді.

Айта кетейік, өткен маусымда қазақстандық дзюдошы Париж Олимпиадасында жүлде тұғырына көтеріле алған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір