2025 жылғы әлемнің үздік боксшылары анықталды

Сарапшы, спорт журналисі

Бір қызығы, жыл үздігі деп танылған былғары қолғап шебері жуырда ғана спорттық мансабын аяқтайтынын жариялаған болатын. 

2025 жылғы әлемнің үздік боксшылары анықталды
matchtv.ru

Беделді халықаралық портал 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік кәсіпқой боксшылардың тізімін жариялады. Негізгі номинацияда жеңіске АҚШ өкілі Теренс Кроуфорд (42-0, 31 KO) жетті. Ол — тарихта үш салмақта абсолютті чемпион атанған алғашқы және әзірге жалғыз боксшы.

Айта кетерлігі, Кроуфордқа бұл атаққа ие болу үшін 2025 жылы бір ғана жекпе-жек өткізу жеткілікті болды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша үздік үштікке мына боксшылар кірді:

  • Теренс Кроуфорд (АҚШ)
  • Джесси Родригес (АҚШ)
  • Наоя Иноуэ (Жапония)

Канеломен тарихи жекпе-жек

Қыркүйек айында Кроуфорд екі салмақ дәрежесіне бірден көтеріліп, 76,2 келіде өнер көрсетті. Ол бұл салмақта жұлдызды мексикалық Сауль «Канело» Альварестен абсолютті чемпион атағын тартып алды.

Жекпе-жек төрешілер шешімімен америкалық боксшының пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, осы айда Теренс Кроуфорд көпшілікті таңғалдырған мәлімдеме жасап, кәсіпқой мансабын аяқтайтынын хабарлады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір