UFC файтері Пэдди Пимблетт биылдың алғашқы кездесуінде "таяқ" жеді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

UFC-дің жеңіл салмақтағы өкілі Пэдди Пимблетт 2026 жылдағы алғашқы бәсекесінде күтпеген нәтижеге тап болды.

UFC файтері Пэдди Пимблетт биылдың алғашқы кездесуінде "таяқ" жеді (ВИДЕО)
sportsnet.ca

Пимблетт қалай жеңілді?

Ақпаратқа сәйкес, Пимблетт бірнеше жыл бойы осы турнирде жеңіліп көрмеген. Алайда биылғы финалда ол жаттығуда бірге дайындалатын серіктесі Аарон Джорданға есе жіберді.

Шешуші сәтте Джордан ауырту әдісімен (балтыр бұлшықетін қысып ұстау) жеңісті өз пайдасына жазды.

King of the Mat турнирінің форматы қандай?

King of the Mat жарысы бразилиялық джиу-джитсуға ұқсас грэпплинг форматында өтеді. Ерекшелігі — турнир сабмишен арқылы ойыннан шығару жүйесіне құрылған: қатысушылар бірінен соң бірі жеңіп, соңында бір ғана чемпион анықталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір