Қазақстан – Өзбекстан текетіресі: Жүкембаевтың рекордына кім нүкте қояды?
Промоутерлік All Stars Entertainment компаниясы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев пен өзбекстандық нокаутші Шохжахон Эргашев арасындағы жекпе-жектің өтетінін ресми мәлімдеді.
instagram/@batyr_jukembaev
Жекпе-жек өтетін күн мен орын
Айқас 2026 жылғы 9 мамырға жоспарланған. Кездесу Ташкентте Humo Arena кешенінде өтеді.
Батыр Жүкембаев — 24 жеңіс, 1 жеңіліс, 17 нокаут (24-1, 17 KO)
Шохжахон Эргашев — 26 жеңіс, 2 жеңіліс, 23 нокаут (26-2, 23 KO)
Жүкембаевтың соңғы жекпе-жегі
Жүкембаев бұған дейінгі айқасын 2025 жылғы 5 сәуірде Астанада өткізді. Сол кездесуде британдық Кейн Гарднерді төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңді.
Өзбекстандық нокаутші былтыр 4 қаңтарда Самарқандта үнді боксшысы Гурприт Сингхті айқын басымдықпен жеңді. Эргашев кездесуді бірінші раундта-ақ тоқтатты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet