Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жалғас Жұмағұловқа тағы бір ММА ұйымы ұсынылды

Сарапшы, спорт журналисі

Бұған дейін Жұмағұлов бірнеше рет өзінің негізгі мақсаты — UFC-ге қайта оралу екенін ашық айтқан еді. 

Жалғас Жұмағұловқа тағы бір ММА ұйымы ұсынылды
Vesti.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, Oktagon лигасының қазіргі чемпионы Жалғас Жұмағұловқа Fight Nights ММА-промоушенінің Гран-приінде өнер көрсетуі мүмкін. Бұл туралы ресейлік ұйымның Камил Гаджиев мәлімдеді. 

Камил Гаджиевтің айтуынша, егер Жұмағұловтың Oktagon ұйымымен келісімшарты аяқталса немесе тараптар жолын екіге айырса, қазақстандық файтер Fight Nights лигасының Гран-при турниріне қызықты үміткер болар еді.

«Маған Жалғас Oktagon-мен қарым-қатынасын аяқтаса, Fight Nights Гран-приі үшін өте лайықты спортшы болар еді деп ойлаймын. Қалай қарайсыз?» — деді Гаджиев «Итоги недели» бағдарламасында.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың соңында Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасында аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Ол чехиялық Давид Дворжакты мерзімінен бұрын жеңіп, Еуропадағы позициясын тағы да нығайтты. Соған қарамастан, Жұмағұлов бірнеше рет өзінің негізгі мақсаты — UFC-ге қайта оралу екенін ашық айтқан. Бұған дейін ол әлемдегі ең ірі ММА лигасында өнер көрсетіп, бірқатар даулы жеңілістерден кейін ростерден шығарылған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір