Қазақстан боксының көшбасшыларының бірі, әлем және Азия чемпионы Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамадағы қазіргі ең үздік боксшы туралы пікір білдірді.
Жүсіповтің айтуынша, Қазақстан құрамасында көшбасшы боксшылар аз емес. Әлем чемпиондары да, талантты былғары қолғап шеберлері де жеткілікті. Алайда дәл қазір жаттығудағы еңбекқорлық пен өзін толық беруді сөз етсе, ол Сабыржан Аққалықовты бөле-жара атайды. Бұл туралы Aqyrys Seitqazy YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.
Жүсіпов бұл пікірін туыстық не жерлестікпен байланыстырмайтынын да нақтылап өтті:
“Ол менің бауырым, жерлесім болғандықтан емес. Жаттығудағы барын салу тұрғысынан дәл Сабыржанды атар едім”, — деді ол.
Материалда келтірілген деректерге сүйенсек, Сабыржан Аққалықов:
Абылайхан Жүсіпов былтыр IBA әлем чемпионатындағы және Қазақстан чемпионатындағы жеңістерінен кейін құрамада 70 кг-ға дейінгі салмақта көшбасшы саналады.