Джалоловты нокаутқа түсірген қазақ боксшысы күтпеген шешім қабылдады

Сарапшы, спорт журналисі

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев әуесқой бокстағы кезеңін аяқтағаннан кейін қайтадан кәсіпқой рингке оралуды көздеп отыр.

Джалоловты нокаутқа түсірген қазақ боксшысы күтпеген шешім қабылдады
kazpravda.kz

Қоңқабаев кәсіпқой боксқа не үшін оралады?

Қамшыбек кәсіпқой бокста бұған дейін де жұдырықтасқан. Ол 2022 жылы профи бағытта өнер көрсетіп үлгерген.

Париждегі Олимпиададан кейін боксшы әуесқойда бір жекпе-жек өткізіп, жеңіліп қалған. Содан бері рингке шықпаған.

Қоңқабаевтың қайта оралуы туралы ақпаратты Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков жеткізді. Оның айтуынша, Қамшыбекке қазір қызықты ұсыныстар түсіп жатыр, ал Париж Олимпиадасынан кейін спортшы кідіріс жасаған. Бұл туралы sportbugin.kz жазады. 

Қоңқабаевтың кәсіпқой рекорды қандай?

Қамшыбектің кәсіпқой бокстағы статистикасы да назар аударарлық:

  • 5 жеңіс
  • жеңіліссіз
  • оның ішінде 4 нокаут

Яғни, профи рингте қарсыластарын ерте тоқтатуға қабілетті екенін әлдеқашан дәлелдеген.

Джалоловты нокаутқа түсірген жалғыз боксшы

Ең қызығы — Қамшыбек Қоңқабаев әлі күнге дейін өзбекстандық Баходир Джалоловты нокаутқа түсірген жалғыз боксшы ретінде аталады. Бұл оқиға 2015 жылы болғаны көрсетілген. Джалолов — Олимпиаданың екі дүркін чемпионы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір